Accessibility links

Украина парламенті бүгін Ю.Тимошенконы премьер-министр лауазымында бекіту мәселесін талқылайды


КИЕВ: Украина парламенті – Жоғарғы Рада бүгін Юлия Тимошенконы премьер-министр лауазымында бекіту мәселесі мен оның 5 жылға арналған экономикалық бағдарламасын талқылайды. Ол бағдарламада сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес, халықтың тұрмыс деңгейін көтеру және мемлекеттік мекемелдерді еуропалық стандартқа сай реформалау сынды міндеттер қойылған. Оның қарсаңында президент В.Ющенко үкіметтегі негізгі лауазымдарға тағайындалатын үміткерлердің қатары талданған мәжіліс өткізді. “Интерфакс” агентігінің ақпары бойынша, бірінші вице-премьерлікке Анатолий Кинах, қорғаныс министрі болып Анатолий Гриценко, сыртқы істер министрі болып Борис Тарасюк тағайындалатын тәрізді.
XS
SM
MD
LG