Бүгін Данияның сайлаушылары парламент сайлауында дауыс береді. Қоғамдық сауалнама қорытындысына қарағанда, премьер-министр Андерс Фог Расмуссен мен оның оңшыл-центристік одақтастары оппозициялық социал-демократиялық партияны жеңіп, 179 орынды парламенттегі басым дауысын сақтап қалатын сияқты. Қазіргі үкімет иммиграцияны ауыздықтап, экономикалық ахуалды түзеуге уәде беретін сайлауалды науқанын жүргізді.