Қазақстанның бас прокуроры Рашид Түсіпбеков Ресей думасы төрағасының орынбасары Владимир Жириновскийді жауапқа тартуды сұрап Ресейдің бас прокуроры Владимир Устиновқа хат жолдады. Рашид Түсіпбеков Владимир Жириновскийдің «Эхо Москвы» радиосына биыл қаңтардың 17-інде берген сұқбатында айтылған Қазақстан және қазақ халқына қатысты пікірлерінде Ресей қылмыстық кодексінің 282-бабына сәйкес келетін қылмыстық құрам бар деп есептейді.
Бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлы "депутатты соттаудың оңай еместігін" айтады. Оның үстіне Владимир Жириновский Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері, оны жауапқа тарту үшін думаның шешімі қажет.
Қазақстан парламенті сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдап отырған бас прокурордың қадамын құптайтындығын білдірді. Алайда ресейлік депутатты жауапқа тарту туралы шаруаны бос әуре деп санайтындар да жоқ емес.
- Владимир Жириновский осындай оғаш пікірлерін он жылдан бері айтып келеді. Сотқа беруден ештеңе шықпайды. Оның қорытындысы біреу ғана, - дейді жазушы Герольд Белгер.
Әйткенмен өзге жұрт Владимир Жириновскийдің елеусіз қалдырмау керек деп санайды.
- Оның бұл ісін бала-шағаның әрекеті деп бағаламау қажет. Ол - әккі саясаткер, - дейді «Рух» пікірсайыс клубының төрағасы Мақсұт Оразай.
Оның сөзіне академик Нәдір Нәдіров те қосылады:
- Жириновский қандай саяси тұлға болса да, заң алдында жауап беруге тиіс. Басқа мемлекеттің ішкі саясатына араласуға оның қандай қақысы бар?
«Рух» пікірсайыс клубының төрағасы Мақсат Оразай Жириновскидің осындай әрекеттері ұйқыда жатқан қазақты оятуға жәрдемдеседі деген де ой айтады.
Биыл қаңтардың 17-інде «Эхо Москвы» радиосына берген сұқбатында Ресей саясаткері Владимир Жириновскийдің «қазақтарда мемлекет те, шекара да ешқашан болмаған» деген мазмұндағы сөзі Қазақстанда қоғамдық пікірге қозғау салды.