Бүгін Ресейдің Мемлекеттік думасы М.Фрадковтың үкіметіне сенімсіздік білдіру мәселесін талқылайды. Думадағы “Родина” партиясының фракциясы қолдаған компартия мен тағы бірқатар тәуелсіз депутат, бас-аяғы 100-ге жақын халық өкілі, әлеуметтік жеңілдіктерді өтемақымен алмастыру заңын орындауына байланысты үкіметке сенімсіздік жариялау туралы бастама көтерді. Сарапшылардың ортақ пікірінше, үкіметке сенімсіздік білдіру үшін 226 депутаттың қолдауы керек. Бірақ Думада 300-ге жуық депутаты бар үкіметке жақын “Единая Россия” партиясы қарсы дауыс береді күтілуде. Дума отырысына премьер-министр М.Фрадков келуге тиіс.