Косово өлкесінде сапарда жүрген Сербия президенті Борис Тадич өлкенің сербтер мен албан қауымдастықтарын өзара бітімге келуге шақырды. Жексенбіде Приштинада сөйлеген сөзінде Б.Тадич: “Косово – Сербияның құрамдас бөлігі болып қала береді”, -деп мәлімдеді. Сапар барысында Сербия президенті Косово сербтерінің өкілдерімен және өлкенің БҰҰ-ы тарапынан тағайындалған әкімшілік басшысы Серен Йессен-Петерсенмен кездесті. Сербия президенті Косовоға 1999 жылы өлке халықаралық әкімшіліктің құзырына берілгеннен бері алғаш рет аяқ басып отыр. Өлкенің құқықтық мәртебесі әлі белгіленген жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады