Accessibility links

Ибрахим әл-Жафари егер ол премьер министр болып тағайындалса, Ирақтағы зұлымдықты тоқтату оның ең басты мақсаты болатындығын айтты


Жалпыұлттық сайлауда жеңіске жеткен Ирақ шииттерінің одағы елдің ендігі премьер министрі етіп, Ибрахим әл-Жафариді тағайындау жөнінде бастапқы келісімдерге келген болатын. Жафари Біріккен Ирақ одағындағы екі басты діни топтың бірі- Әл-дауа партиясының басшысы. Ассошиейтед Пресс агенттігіне берген сұхбатында, Жафари АҚШ әскерлері зұлымдықты тоқтатуға жәрдемі қажет болғанға шейін Ирақта қала беретінін айтты. Біріккен Ирақ одағы өткен айда болған сайлауда 48 пайыз дауыс алған болатын.
XS
SM
MD
LG