АҚШ президенті Дж. Буш кеше Сирияны Таяу шығыстағы өзге елдерден шығып кетуге шақырып, Америка басқа елдермен бірге жұмыс істеп, Дамаскінің Ливаннан әскерін алып кетуіне күш жұмсайтын болады деп айтты. Буш Ливанның бұрынғы бас министрі Рафик Хариридің қастандықпен өлтірілуіне Сирияның қатысы бар ма, жоқ па білмеймін деген. Бірақ Сириядағы АҚШ елшісінің кері шақырылып алынуының өзі біраз жайды аңғартады деп айтқан.
Президент Буш келесі аптада Европа сапарында болғанда одақтастармен Сирия мәселесінде ақылдасатындығын айтып, Хариридің өліміне қатысты халықаралық тергеу-тексерілу жүргізілуін АҚШ қолдайды деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады