Иран мен Ресей Тегеранның атом электрстанциясын қолдануын айқындауға бағытталған ядролық отын турасындағы іске келесі аптада қол қоямыз деп айтуда. Иранның атом энергиясы ұйымы басшысының орынбасары Асадолла Сабоури теледидардан сөйлеген сөзінде Ресейдің атом энергиясы агенттігінің басшысы Тегеранда болған уақытта, демек 26 ақпанда қол қойылады деп мәлімдеген.
АҚШ президенті Дж. Буш Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі Вашингтонның алаңдаушылығын қайталап айтқан:
-Егер мен Израилдың басшысы болсам және ирандық аятолладан менің елімнің қауіпсіздігі турасында естісем, онда мен ядролық қаруы бар Иранға бейжай қарамаған болар едім. Және Израил біздің одақтасымыз, оған қолдау көрсетеміз деп біз міндеттеме алғанбыз, егер Израилдың қауіпсіздігіне қатер төнсе, біз Израилды қолдаймыз.
Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Игорь Иванов ирандық әріптесі Хасан Роуханидың Ресейдегі сапары барысында Мәскеу Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық қуат бағдарламасын дамытуға көмектеседі деп айтты.
Вашингтон Иранды құпия ядролық қару бағдарламасы бар деп айыптайды, Иран болса өз бағдарламасының тек бейбіт істерді көздейтінін айтады.