Шииттердің діни коалициясы қолдаған Ирақ біріккен одағының 30 қаңтарда өткен сайлауда жеңіске жеткендігін Ирақтың сайлау комиссиясы бекітті. 275 орындық Парламентте Шиит коалициясы- 140 орынды алса, екінші тұрған 75 орын алған-Курд одағы.
Бұл жөнінде кеше сайлау комиссиясының өкілі Хамдиа әл-Хусейни Бағдадта өткізілген баспасөз мәслихатында айтқан.
-Бірінші- Ирақ бірікккен одағы, екініші-Курд одағы, үшінші – 40 орын иеленген уақытша бас министр Ияд Алауидың блогы, төртінші- бес орын алған уақытша президент Яуар әл-Ғазидың блогы-дейді Хамдиа әл-Хусейни.
Парламенттегі барлық орынның үштен бірінен көбі елдің президенті мен екі вице-президентін және премьер-министрді бектіу үшін қажет болады.
Ирақтың бас министрлігіне екі басты үміткердің бірі- Біріккен одақтан Ибрахим әл-Жафари, екіншісі- Ұлттық конгрестен Ахмед Чалаби.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады