Палестина бас министрі Ахмед Кюрей кеше парламентте қолдау тауып, үкіметтің жаңа құрамын бекітуге үміттенді. Бұл мәселе бүгін біржолата шешілуі мүмкін. Парламент депутаттары үкіметке реформашылдар көбірек қатыстырылсын деп талап қойған. Ресми өкілдер парламент үкімет құрамын үш күн бекітпей отыр, бұл саяси дағдарыс қаупін туғызды дейді. Ахмед Кюрей бас министрліктен кетірілсе Палестина әкімшілігін реформалау және Израильмен бейбіт келіссөз жүргізу президент Махмұд Аббасқа қиынға соғады. "Фатах" қозғалысының бірнеше депутаты жаңа үкімет құрамына келістік, қолдау білдіреміз деді. Үкімет құрамына бірнеше технократ тұлға ұсынылды, бұрынғы президент Ясир Арафаттың екі жақтасы тізімнен шығарылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады