Accessibility links

Ходорковский өзіне тағылған барлық айыптармен келіспейтіндігін айтып отыр


Мәскеу. Осында сотта ісі қаралып жатқан Ресейдегі ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Ходорковский заңды бұзған жоқпын, ал тағылып отырған кінәлардың барлығы ойдан шығарылған деп айтты. ЮКОС компаниясының банкрот мәслесіне қатысты АҚШ-тан сұраған қорғаныс жөніндегі өтініші орындалмай қалды. Ресей үкіметі ЮКСО-ты банкрот деп жариялап, 27,5 млрд доллар қарызын өтеуі мақсатында компанияның мүліктерін сатып жіберді. Ал талдаушылардың болжамына қарағанда, ЮКОС-тың бұрынғы басшылығын үкімет саяси мақсатта қысымға алып отыр.
XS
SM
MD
LG