Ливан парламенті өз отырысына үкімет өкілін шақырған болатын. Себебі, оппозициялық күштер ел үкіметіне сенімсіздік таныту жөнінде мәселе көтеріп отыр. Мұндай ұсыныс Ливанның бұрынғы үкімет басшысы Рафик Харири өлтірілгеннен кейін жасалған еді. Үкімет тарапынан қойылған тиымға қарамастан Бейрут көшелеріне Ливан туларын желбіретіп мыңдаған шеруші шықты. Олар елден Сирия әскерлерінің шығарылуын талап етті. Бейрут үкіметі мен Сирия елі Хариридің өлімі үшін жауапкершілікті өздеріне алудан бас тартуда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады