НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан Ирақтағы кем дегенде 115 адамның қазасына және 130-ға жуығының жарақаттануына себеп болған Әл-Хилла қаласындағы дүйсенбі күнгі жарылысты айыптады. Бұл – АҚШ пен британ күштерінің Ираққа басып кірген 2003 жылдан бергі ең үлкен қырғын болып отыр. К.Аннанның атап көрсетуінше, еш қисыны жоқ мұндай қантөгістердің көздегені – Ирақтың гүлденген әрі демократиялық болашағын жоққа шығару болып табылады. Ол Ирақтағы барлық күштерді ұлттық келісім рухында ынтымақтасуға шақырды. Ирақ полициясының хабарлауынша, жанпидашыл-экстремист отырған автокөлік мемлекеттік қызметке тұру үшін медициналық орталыққа келген халықты соғып жарылған. Оған қатысы бар деген күдікпен бірнеше кісі ұсталған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады