Жексенбі күні Қырғызстанды өткен парламент сайлауынан кейін оның өтуіне және нәтижесіне наразылық қауым бүгін, сейсенбіде ереуіл, шерулерге қайта шықты. Ош облысының Қарасу ауданында 600-дей, ал Араванда 500 адам күре жолды жауып тастаған. Мұндай наразылық шаралары Жалалабадтың Нокин ауданында да орын алды. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қырғызстандағы парламент сайлауында орын алған келеңсіздіктер үшін сынады.