“Жұма-таймс/Дата недели” апталығында экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің қазіргі кезде қиын ахуалды басынан кешіріп отырған оппозициялық топтарды біріккен қозғалыс құрып, алдағы өтетін сайлауда авторитарлық президентке қарсы жұдырықтай жұмыла күресуге шақырғаны туралы шетел басылымдарында жарияланған мақала көшіріліп басылыпты.
Қажыгелдиннің айтуынша, дәл қазіргі уақытта оппозицияда бір-ақ мақсат болуға тиіс - алдағы өтетін президенттік сайлауда жеңіске жету немесе бұрмалаушылықтың негізінде өтетін сайлауды биліктің жеңілісіне айналдыру. Мақала авторының айтуынша, экс-премьер Қажыгелдин “Әділетті Қазақстан үшін” тобын президенттік сайлауда ортақ кандидат шығаратын біртұтас оппозициялық ұйымға айналуға шақырыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, соңғы уақыттары экс-премьер Ә.Қажыгелдиннің саяси белсенділігі күшейе түскен.
“Жұма-таймс/Дата недели” апталығында сонымен қатар Ә.Қажыгелдиннің “Немецкая волна” радиосына берген сұхбаты да жарияланыпты. Ә.Қажыгелдиннің айтуынша, дәл қазіргі уақытта оппозицияға Алтынбек Сәрсенбайұлы, Жармахан Тұяқбай немесе Заманбек Нұрқаділов секілді адамдар керек. Ә.Қажыгелдин қазіргідей сын сағатта оппозиция қатарындағы осы саясаткерлер ауызбіршілікте жұмыс істеуі тиіс деп есептейді.
Ал, соңғы бір жылға жуық уақыттан бері оппозициялық тұлға ретінде танылып жүрген Заманбек Нұрқаділов “Жұма-таймс/Дата недели” және “Жас Алаш” басылымы арқылы “Ақ жол” партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының атына ғайбат сөз айтқаны үшін одан кешірім сұрапты.
Өз хатында З.Нұрқаділов саясатшының жолы қашан да ауыр екендігіне тоқтала келіп, өткен аптадағы баспасөз мәслихатындағы айтқан сөзінде А.Сәрсенбайұлының жеке басына қатысты ағаттықтар болды деп есептейтіндігін білдіріп, кешірімді болуға шақырыпты. “Жас Алаш” басылымы болса осы хат келіп түскен соң А.Сәрсенбайұлымен хабарласыпты. Хаттың мәтінімен танысқан Алтынбек мырза өзінің З.Нұрқаділовке жазған жауабын жарияламауды өтініп, оның бір-бірімізге кешірімді болайық дегенін құптайтынын, демократиялық күштердің бірлігіне нұқсан келтірмеу идеясын қолдайтындығын білдіріпті.
“Ақ жол Қазақстан” секілді оппозициялық бағытты ұстанатын басылымның бас редакторлығы қызметінен кеткен журналист Нұртөре Жүсіп “Түркістан” басылымына берген сұхбатында халықтың ұр-да-жық саясаткерлерді қолдамайтындығын, байыпты, байсалды саясаткерлерді қолдайтындығын айта келіп, келешекте Мұхтар Шахановтың кеңесшісі болып кетуге әзір екендігін мәлімдепті.
“Азат” тәуелсіз басылымында өткен аптаның соңына қарай Демократиялық Күштер Үйлестіруі кеңесі құрамының жаңа мүшелермен толыққандығы айтылыпты. Атап айтқанда кеңес құрамына Әкежан Қажыгелдин, Сейдахмет Құттықадам, Ирина Савостина, Әміржан Қосанов, Владимир Чернышов, Марина Сәбитова сияқты саяси қайраткерлер қабылданған.
Газет тілшісінің айтуынша үстіміздегі аптаның басында үйлестіру кеңесі өзінің кезекті мәжілісінде “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының құрылтайын дайындауға кіріскенін мәлімдепті. “Азат” газетінің хабарлауынша жақын күндері Үйлестіру кеңесінің Қазақстан халқына үндеуі жарық көрмекші. Бұл Үндеуде алдағы уақытта құрылатын “Әділетті Қазақстан үшін” қозғалысының саяси тұғырнамасы жөнінде айтылады екен.
“Время” апталығында “Ақ жол” партиясы Орталық Комитеті президиумы мүшелерінің партияның Орталық кеңес мүшелеріне арналған мәлімдемесі жарық көріпті. Мәлімдемеде ақпанның 13 күні өткен құрылтайдағы Орталық кеңес пленумының кейбір шешімдерінің “Ақ жол” партиясының жарғысына қайшы келетіндігі айтылыпты. Сондықтан да бұл мәлімдемеге қол қойған “Ақ жол” партиясының Орталық президиумының мүшелері Болат Әбілов, Ораз Жандосов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Дәулет Сембаев, Төлеген Жүкеев, Анна Оськина, Амалбек Тшан даулы шешімнің күшін жоюды сарапқа салуды ұсыныпты.
Саясаттанушы Сәбит Жүсіпов “МК в Казахстане” басылымы арқылы Қазақстанда орын алып жатқан соңғы саяси оқиғаларды қорытындылай келе, бүгінгі таңда посткеңестк кеңістіктегі президенттердің бәрінің де оппозицияның пікірімен санасу қажеттілігін айтып отырғандығын тілге тиек етіпті. Саясаттанушының пікірінше, қазіргі кезде билік пен оппозицияның бірлесіп жасаған саяси жаңаруға қатысты ортақ бағдарламасы қажет. С.Жүсіпов мұны жүзеге асыруға оппозицияның ішіндегі үлкен амбиция кедергі келтіріп отыр деп санайды.