Қазақстандағы Амангелді кен орнынан Алматыға тартылған газ құбыры бар. Енді Алматыдан Қытай шекарасына дейін құбыр тарту көзделіп отыр. Ал, жобаға қарсылық білдіріп отырғандар құбырды салмас бұрын, Қазақстан өз тұрғындарын газбен қамтамасыз етіп алу қажет деген пікір білдірген.
Бейжіңде «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы Қазақстаннан Қытайға газ тарту жобасы бойынша, Қытай базарындағы газ ресурстарының сараптамасын аяқтаған. Қытай тарабы қазірдің өзінде 2008 жылға дейін Қазақстаннан 10 миллиард текше метр газ алатындығын мәлімдеген. Ал 2020 жылға дейін, Қытай Қазақстаннан 30 миллиард текше метр газ сатып алуы ықтимал. Газ тасымалдау жолдарының инженерлік-техникалық сараптамасы аяқталған соң жобаның экономикалық сараптамасы басталады.
- Қазір қытайлықтарға табиғи газ тасымалдау жобасының үш түрі қарастырылып жатыр, - дейді Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник.
Бірінші жоба бойынша, Алматыдан Қытай шекарасына дейін құбыр тарту көзделіп отыр. Екінші жоба бойынша, Батыс Қазақстаннан Қытайға құбыр тарту көзделген болса, үшінші жобада Ресейдің Омбы қаласынан Қазақстан арқылы Қытайға құбыр тарту жоспарланған. Қытайлықтар жобаның бірінші түріне қызығушылық танытқан. Яғни, Алматыдан Қытай шекарасына дейін құбыр тарту олардың назарын аударып отыр.
Өйткені, оның шығыны басқаларына қарағанда аз, сондықтан бұл жоба іске тезірек қосылады деген жорамал бар. Ал, Алматыдағы «Мұнай» институтының директоры Надир Надировтың айтуынша, бұл бағыт Қазақстан үшін тиімсіз, өйткені Амангелді кен орнындағы газ Қазақстан тұтынушыларынан артылмайды:
- Ол бізге зорға жетеді. Амангелдідегі газ Жамбыл, Шымкент, Алматыға жетсе оған шүкір деу керек. Одан Қытайға артылмайды.
Ал, жобаға қарсылық білдіріп отырғандар құбырды салмас бұрын Қазақстан өз тұрғындарын газбен қамтамасыз етіп алу қажет деген пікір білдірген. Атырау тұрғыны, саясаткер Жұмабай Доспановтың айтуынша, осы облыстағы 3 ауданның және облыс орталығының мыңдаған тұрғыны газдан құр алақан болып отырған жайы бар:
- Тезекке таласады қазір қазақтар, көзіммен көрген нәрсе. Өйткені, оларға көмір жеткенше қымбатқа түседі. Тоннасы - 15 теңге. Ал, Атырау қаласының тең жартысы табиғи газға қосылмаған. Көшеден желі тарту үшін жұмсалатын шығынды тұрғындардың мойнына іліп отыр. Яғни, әрбір тұрғын 120-130 мың теңге төлеп газ жүргізуі керек.
Ал, «Мұнай» институтының директоры Надир Надировтың айтуынша, Қазақстанда газ саласында жұмыс істеп жатқан компаниялар үшін, газды ішкі базарда сатқаннан гөрі сыртқа шығарған тиімді. Жалпы, мұнай-газ саласындағы экономика саясатпен тығыз байланысты дейді Надир Надиров:
- Бізге экспортқа шығарған пайдалы. Ішкі мекемелерге сатқанша, сыртқа сатқан тиімді.
Осы жоба басталған кезде, Ресей мен Британияның біріккен кәсіпорыны “Русиа Петролеум” компаниясы Қытай базарындағы өз үлесімізді жоғалтып алдық деген алаңдаушылығын білдірген. Компания Ресейден Қытайға газ құбырын тартуды жоспарлаған.
Бірақ, «Газпром» компаниясы бұл ұсыныстан бас тартқан соң, жоба тоқтап қалған. Кейбір сарапшылар британдықтар қытайлықтармен газ бағасы бойынша келісімге келмеген, ал, Қазақстаннан тасымалданатын газ терең емес жерден алынатындықтан Қытай үшін арзанға түседі дейді. Бірақ, саясаткер Жұмабай Доспановтың айтуынша, ресейліктер өз пайдасын жіберген емес:
- «Имаш» дейтін кен орны бар Ресейге беріп жіберген. Сол Құрманғазы ауданының жерінде жатыр еді, бәленбай миллиард текше метр қоры бар. Әлі парламент бекіткен жоқ қой, соны тезірек жасау үшін Жириновскийді өтірік желіктіріп отыр. Путин мен Назарбаевтің келісімі әдейі істеп отыр.
Осы жоба бойынша өткізіліп жатқан келіссөздерді екі тарап биылғы жылдың бірінші жартысында аяқтауды жоспарлаған. Әрмен қарай нақты инвестиция көлемі белгіленеді. Болжам бойынша 2008 жылдың соңында Қазақстаннан Қытайға газ жөнелтілетін болады. Сарапшылардың пікірінше, тез дамып, технопарктерін ұлғайтып жатқан Қытайда болашақта газға деген сұраныс ұлғая түспек.