Ақпанның 28-інде Талдықорған соты кәмелетке жасы жетпеген алты қыз баланы жезөкшелікке салуға айыпты деп танылған 2 әйелге Қазақстан қылмыстық кодексінің 128, 270, 271 және 132-баптары бойынша үкім шығарды. Сот олардың бірін 5 жылға бас бостандығынан айырды, ал екіншісінің жас баласы болғандықтан, ол 3 жыл мерзімге, жазасын шартты түде өтеуге кесілді.
Сот олардың әлгі алданған мектеп оқушыларының әрқайсысы үшін шетелдік сыбайластарынан ақшалай сыйақы алғанын анықтаған.
- Айыпталушылар наурыздың 5-і күні қарсы арыз бермесе, сот үкімі күшіне енеді, - деді Алматы облыстық прокуратура қызметкері Қадіржан Қиязов Азаттық радиосына.
Ал, делдал әйелдердің шетелдегі сыбайластары Ресей, Украин азаматтары болғандықтан, оларға Интерпол арқылы іздеу жарияланған. Сондай-ақ, әлгі жасөспірім қыздардың құжаттарын қалайша даярлап, қалай шекарадан кідіріссіз өткендігі ашылмай отыр.
Адам саудасы таралу және ұйымдасуы жағынан Қазақстанда есірткі және қару-жарақ сату қылмысынан кем түспейді. Бұл қылмыс барысында әрқилы әдіс-тәсілдерді қолданатын әккі делдалдар айрықша қауіпті. Олар қыздарды негізінен Греция, Түркия, Араб әмірлігі, Испания, Франция, Албания сияқты елдерге апарып, бір қызды бірнеше елге сатады дейді Алматы облыстық прокуратурасының тергеу жұмысын қадағалау бөлімінің бастығы Қадыржан Қиязов:
- Мәселен, былтырғы жылы Талдықорған қаласында бір қыздың шешесі кәмелетке жасы толмаған қыз баласының шетелге жұмысқа аттанып, хабар-ошарсыз кеткендігіне шағымданды.
Тергеу барысында екі әйел күдікке алынады. Олардың бірі Талдықорған қаласындағы бір мейрамхананың қожайыны екен. Ол екінші сыбайласымен сол жерде демалыс кезінде жұмыс істеп жүрген, мектеп жасындағы 6 жасөспірім оқушы қызды Араб әмірлігіне даяшы болып қызметке шақырғандығы мәлім болады. Бірақ, қыздар Қазақстанда болмағандықтан, істі дәлелдеу қиынға соғады.
- Сол себептен, облыс прокурорының орынбасары Миразов бастаған заң қызметкерлерінен құралған арнайы тергеу тобы Араб әмірілігіне аттанды. Ол елде жергілікті қылмыскерлер қазақстандық қыздардың құжаттарын тартып алып, оларға кеткен 6 мың доллар шығынды өтеу үшін жас қыздарды жезөкшелікке салғандығы анықталды, - дейді прокуратура өкілі Қадыржан Қиязов.
Алайда, қазақстандық заң өкілдері Араб әмірлігіне келген кезде, олар іздеу салған қыздардың жезөкшелікпен айналысқаны үшін Дубай сотының шешімімен түрмеде отырғанын көреді. Үш ай бойы қамауда жатқан қазақстандық жасөспірімдерді арнайы тергеу тобы Қазақстанға қайтарады. Содан кейін 2 күдікті әйел қамауға алынып, тергеу барысында олардың кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа беріледі.
- Ол әйелдер қыздарды шетелге жіберген күннің ертесінде-ақ, сол жақтан әр қызға 800 доллардан 2 мың долларға дейін сыйақы алғандығы анықталды, - деді Азаттық радиосына Алматы облыстық прокуратурасының тергеу жұмысын қадағалау бөлімінің бастығы Қадыржан Қиязов.
Прокуратура өкілі әдетте бұл тәріздес істерді, яғни әйелдерді шетелге апарып сату қылмысын әшкерелеу өте қиынға соғатынын айтады. Себебі, көп жағдайда қыздар әбден қорқып қалғандықтан, арызданудан бас тартады. Ал делдалдар «біз оларды жұмысқа жібергенбіз» деп жалтарады.
- Мәселен, бұған дейін - 1997 жылы Талдықорғанда 3 қызды шетелге апарып, сатқаны жайлы ақпарат түскен еді. Бұл іс бойынша тергеу амалдары басталғанымен, бірақ, ақыр соңында әлгі қыздардың өздері куәлік беруден бас тартқандықтан, ол іс тоқтатылған болатын, - дейді прокуратура қызметкері.
Балалардың, соның ішінде қыздардың құлдық-күңдікке сатылуы жиі кездесетін жайтқа айналды дейді Адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюроның қызметкері Айнаш Шорманбаева:
- Бала, біріншіден, өз құқығын білмейді. Оны өзге біреуге тәуелді ету өте оңай. Ол - әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғансыз. Егер ол шетелге барса, өздігінен ешқайда шыға алмайды, шағымдана алмайды, егер күзет болса, қаша алмайды да.
Алайда, адам құқығын қорғаушы А.Шорманбаева адам саудагерлері қылмысы үшін қатаң жаза алуы тиіс деп есептейді. Бұл орайда ол Қылмыстық кодекстің 128-ші, 133-ші баптарына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін айтады.