Қарағанды қаласындағы орталық мешіт жанынан діни әдебиеттерге толы кітапхана ашылып отыр. Мұндағы оқырман залында бір мезетте 40 адамның отырып сауатын ашуына мүмкіндік қарастырылған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысындағы өкілі Қанат Сансызбаев қазіргі кезде қазақ тілінде шығып жатқан діни әдеби кітаптардың көбі саудаға шығарылғанын, ал бұл жердегі кітаптарды тегін пайдалануға жағдай жасалып отырғанын айтты:
- Діни әдебиеттерді сатып алуға шамалары жетпейтін болса, көкейлерінде жүрген сауалдары болса мешітке келіп, өзіне керекті мәліметтерді алса деген ой болатын. Сол ойымыз жүзеге асып, мешіттегі бос бөлмелердің бірін кітапханаға айналдырып отырмыз.
Қанат Сансызбаевтың айтуынша, кітапханаға сараптаудан өтіп, рұқсат етілген кітаптар ғана қойылады және діни бағыттағы газет-журналдарды да табуға болады:
- Ата-бабаларымыздың ұстанып кеткен дәстүрі бойынша дінімізге іріткі салмайтын кітаптарды ғана қоямыз.
Дінтанушылардың пікірінше, бүгінде басқа тілден дұрыс аударылмай, мағынасы бұрмаланған және исламға жат қылықтарды насихаттайтын кітаптарды жиі кездестіруге болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз, оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Әбдімүтәлі Дәуренбек жеке баспалардан шығып жатқан кітаптардың сапасына мән берілмейтіндігін айтып отыр:
- Қазіргі шығып жатқан кітаптардың барлығы орыс, ұйғыр, араб немесе түрік тілдерінен аударылғандар. Ел ортасында түсініксіз жайттарға әкеп соғатын да әдебиеттер жарыққа шығып кетіп жатыр жеке баспалардың мән бермеуі себебінен.
Дінтанушы Мұрат қажы Мыңбаевтың пікірінше, діни әдебиеттерді сүзгіден өткізіп барып таратқан жөн деп санайды. Ол бұған қажылар қауымдастығы тарапынан да қазір көңіл бөлініп отырғанын айтады:
- Діни әдебиеттерді бір орталықтың сараптауынан өткізіп барып шығарса дұрыс болатын еді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысындағы өкілі Қанат Сансызбаевтың айтуынша, Қарағандыдағы орталық мешіт жанынан ашылып отырған кітапханадан тек діни әдебиеттерді ғана емес, көркем әдеби шығармаларды да кездестіруге болады.