Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов сынды қазақтың маңдай алды зиялы қауымы бас қосып, ұлт мүддесі үшін қызмет жасаған «Алашорда» партиясының қазақ тарихында алатын орны ерекше.
XIX және XX ғасырлар тоғысында қалыптасқан қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясы құрған ұлт-азаттық қозғалыстың көрiнiсi «Алаш қозғалысы» деген ұғым үш түрлi құрамдас бөлiктен тұрады. Олар: «Алаш» атты партия, «Алаш автономиясы» атты қазақ мемлекеттiгi, сол автономияны басқаратын Алашорда үкiметi.
«Алаш» қозғалысының жетекшiлерi, Алаш үкiметi үш ұлттық мақсат-мүддеге жауап беретiн мәселелердi алдарына қойып, оларды шешуге тырысты. Олар, бiрiншiден, қазақтың патшалық Ресейдiң отары болған кезеңде бөлшектенiп кеткен халықтың ата-қонысының тұтастығын қалпына келтiру, екiншiден, ұлттық бiрлiкке негiзделген қазақ мемлекеттiгiн қалпына келтiру, үшiншiден, реформа, эволюция жолымен Қазақстанды өркениеттi елдер қатарына жеткiзу болды.
Қазақстан ұлттық ғылым академиясының тарих және этнология институтының директоры Мәмбет Қойгелдиев «Алашордашылардың» елде реформа жүргізуге талпынғандарын айтады.
- Алаш зиялылары реформаның қажет екендігін жақсы түсінді. Соған дайындық та жасады. Егер мемлекет басшылығына келсек, қандай істерді алдымен қолға аламыз деген өздерінің жобалары да болды. Бұл тұрғыдан біздің ұлт тарихымызда ең алғашқы реформаторлар - Алаш зиялылары болды. Таптық принциптердi емес, ұлттың тұтастық идеяларын, революция жолын емес, реформа жолын таңдап алған Алашорда үкiметi совет билігі мен большевиктер идеяларын қабылдамады. Сондықтан да патшалық Ресей империясының аумағында азамат соғысында жеңiске жеткен совет өкiметi Алашорда үкiметiн тарих сахнасынан күштеп тайдырып, Алаш автономиясын таратты, - дейді тарихшы ғалым.
Мәмбет Қойгелдиев «Алашорда» үкіметінің алға қойған мақсатына жетуге бөгет болған себпетердің бірі - саяси тәжірибенің аздығы деген тұжырым жасайды:
- Орыс демократтарымен бірге күрессек бізде тәуелсіздік аламыз деп сенді олар, осы мақсатты көздеді. Бұл, әрине, олардың саяси тәжірибесінің аздығын көрсетті. Дегенмен, сонау 1917-ші жылы құрылған партияның алға қойған мақсаттарының көбі әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Өз өзектілігін жоғалтпаған мәселе - 1917-ші жылғы желтоқсан сиезінде «Қазақтың жері, оның асты-үсті - Алаштың меншігі» деген ой айтылды. Сонымен қатар, Алаштың тағы бір көрегендігі - жер мәселесіне қатысты принцип. Мұның барлығы да бүгінгі күні де аса маңызды жағдайлар, - дейді Мәмбет Қойгелдиев Азаттық радиосына.
1920 жылы совет өкіметі күштеп таратқан Алашорда автономиясының негізін қалаған, туған елі мен жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялыларының түгелге жуығы кейіннен сталиндік зобалаң құрбаны болды. Ал олар көксеген тәуелсіздікке қазақ халқы тек советтер одағы күйреген 1991 жылдың соңында ғана қол жеткізді.