Accessibility links

Британ парламенті, екі палата арасындағы күтпеген теке-тірестік жағдайдан соң, терроризмге қарсы күрестің жаңа заңын әрең қабылдады


Лордтар палатасы, азаматтардың еркіндігіне, бостандығына қысым болады деген күдікпен осы апта бойы ол заңға қарсы болып келген еді. Бірақ, бас министр Тони Блэрдің өзі тікелей араласып, алдағы жалпы ұлттық сайлаудан кейін заңға өзгерту енгізіледі деуі мұң екен, парламент ол ұсынысқа көне кетті. Нәтижесінде, лаңкестікке қатысы бар деген айыппен 3 жылдан бері абақтыда отырған 8 шетелдік күдікті кепілдікпен азаттыққа шығарылды.
XS
SM
MD
LG