БІШКЕК. Наразылық көрсетушілер сайлау нәтижелерін жоққа шығаруды талап етіп отыр. Кеше шерушілер Бішкекке жақын жердегі Шу аймағында үлкен жолды жауып қойды. Сонымен қатар, кеше Ош пен Жалал-Абад қалаларында және Нарын ауданында наразылық акциялары өткен. Сайлаудың екінші кезеңі ертең, наурыздың 13-не белгіленген.