Тәжікстандағы бүгін болып жатқан Парламенттік сайлаулар заңды деп танылып отыр. Сайлаулардың бұл екінші сатысында үш сайлау аймақтарындағы сайлаушылар белсенді түрде дауыс берген екен. Ақпанның 27-де болған сайлаулардың алғашқы сатысында Төменгі шатырдағы 63 орынның 60-на депутаттар анықталған болатын. Тәжікстан халық демократиялық партиясы өкілдері бүгінгі сайлалуарда да алда келеді. Сайлаулардың бірінші сатысында елбасы Рахмоновтың басқаруындағы осы партия Парламенттегі 75 пайыз орынды иеленген болатын.