Жексенбі күні болған Қырғыз Парламенттік сайлаулары жақсы ұйымдастырылған, әділ де еркін болды, деп бағаласуда ТМД бақылаушылары. Елдің бірнеше аймақтарында болып жатқан саяси тұрақсыздықтар тұсында Қырғыз өкіметі ұстамдылық пен біліктілік танытып отыр,-дейді олар. Алдын-ала есептеулерге қарағанда елбасы Асқар Ақаевқа бүйрегі бұратын үміткерлер көбірек жеңіске жеткен. Ал оппозиция өкілдері 75 орынның 6-уын ғана иеленген екен. Сайлау барысында әділетсіздіктер орын алды, дейді оппозиция өкілдері. Осыған орай Бақай Ата ауданында үш мың, Жалалабадта 3 мың, Ош облысының Өзген ауданында 15 мыңдай азаматтар шерулерге шыққан. Олар жергілікті билік кеңселерін басып алысқан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады