ГРОЗНЫЙ. Кеше чешен сепаратистерінің жаңа лидері Абдул-Халим Садуллаев чешендер Ресей күштеріне қарсы күресін ешқашан тоқтатпайды деп мәлімдеді. Чешен сепаратистерінің интернет-сайтында шыққан осы мәлімдемесінде А.-Х.Садуллаев: “Партизандар бейкүнә халыққа қарсы шабуыл жасамайды, бірақ Ресейден тәуелсіздік алу жолындағы күресінде соғыстың “Құдай қалаған” барлық амал-тәсілін қолданады деп атап көрсетті. Көпшілікке онша таныс емес Садуллаев – чешендердің Ичкерия республикасының президенті А.Масхадовтың өткен сейсенбідегі қазасынан кейін сайланды. Ол А.Масхадовтың ісін жалғастыруға уәде берді, бірақ оны өлтірген Ресеймен келіссөзге барудың еш қисыны жоқ деп мәлімдеді.