Косово өкімет басшысы Рамуш Харадинайдың Гаага сотына өз еркімен берілу қадамына орай Еуропа одағы өкілі айрықша қуаттау сезімін білдірді. Бұл мәлімдемесін Сыртқы істер бойынша аталған ұйымның басшысы Хавиер Солана бүгін Приштинада болған бомбалық жарылысқа қарамастан жасады. Солана мырзамен кездесуге келе жатқан кезінде елбасы Ибрагим Руговоның көлігіне бомбалық шабуыл жасалған болатын. Ешкім жараланбаған. Ругово мырза оқиға жөнінде: “Елбасы ретінде мен бұл әрекетті айыптаймын. Мұндай істерді жүзеге асырғандарға тоқтау салынып, жазалануы тиіс. Косово азаматтарының өміріне қауіп төндіретін мұндай жағдайларға біз жол бермейміз”,-деді ол. Өкімет басшысы Харадинай қызметінен кеткеннен кейін, жаңа өкімет құрамын ақылдасу үшін Солана мырза Приштинаға келген болатын.