Accessibility links

Дж.Буш: “Ирақтағы коалициялық күштерді ыдырады деп айтуға болмайды”.


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буштың мәлімдеуінше, бірқатар елдің Ирақтан өз әскерін шығара бастау керек деген шешім қабылдауына қарамастан, Ирақтағы коалициялық күштерді ыдырады деп айтуға ерте. Кеше Вашингтонда өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буштың атап көрсеткеніндей, коалициялық күштердің Ирақтағы іс-қимылы оң нәтиже берді. АҚШ президенті, сандай-ақ, Ирақтың бірінші сессиясына жиналған жаңа парламентіне сәлемдемесін жолдады. Дж.Буштың пікірінше, Ирақтағы өзгерістер, Израиль мен Палестина диалогының қайта жалғасуы және Ливаннан Сирия армиясын шығару жоспары – Таяу Шығыста оң құбылыстардың болып жатқанын айғақтайды.
XS
SM
MD
LG