“Жұма таймс немесе Дата недели” апталығындағы ресейлік “Независмая газета” басылымынан көшіріліп басылған мақалада “Қазақгейтке” байланысты Нью-Иорктағы Оңтүстік федералдық аймақтық соттың кезекті отырысының 2006 жылдың қаңтарына қалдырылғандығы хабарланыпты.
Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, бұл оқиға “Қазақгейт” ісінің ең басты қаһармандарының бірі Нұрсұлтан Назарбаевқа президенттік сайлауды өткізіп алуға мүмкіншілік туғызып отыр. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, “Қазақгейт” оқиғасы 1999 жылы швейцариялық банкілердің бірінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі есеп-шот табылған кезден бастап қарқын ала бастаған. Кейіннен Швейцарияның тергеу орындары қазақстандық лауазымы жоғары шенеуніктерге тиесілі басқа есеп-шоттардың бар екендігін анықтаған.
Ресейлік “Незавимая газета” басылымының келтірген деректеріне сүйенсек, бұл мол қаржының көзі қазақстандық лауазымы жоғары шенеуніктердің есеп-шоттарына, негізінен “Шеврон”, Мобил”, “Амоко” секілді американдық мұнай компанияларынан түсіп тұрған. Мақалада сондай-ақ 2000 жылы “Қазақгейт” ісін тергеуге американдық құқық қорғау орындары қызметкерлерінің араласып, соның нәтижесінде Швейцария банкілеріндегі Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі тағы да бірнеше есеп-шоттардың жабылғандығы да баяндалыпты. Газет тілшісінің хабарлауынша, бұл швейцариялық банкілердегі есеп-шоттардағы қаржының көлемі кем дегенде 1 миллиард долларды құрайды.
Дегенмен мақала авторы “Қазақгейт” оқиғасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа аса үлкен зарар әкеле қоймайды, өйткені Америка Құрама Штаты дәл қазіргі уақытта Қазақстандағы биліктің ауысуына мүдделі болып отырған жоқ деген болжам жасапты. Осы сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы соңғы жылдары Америка Құрама Штаты тарапынан оппозицияға көрсетелетін қолдаудың күрт төмендеп кеткендігін мысалға келтіріпті.
Жаңадан жарық көрген “Свобода слова” басылымындағы Гүлжан Ерғалиеваның мақаласында егер де Қазақстанда революция орын алып, билік ауысса президент пен оның отбасының қатысы бар, көптеген кәсіпкерлер мен журналистердің жұмбақ өліміне байланысты талай былықтардың беті ашылар еді деген қорытынды жасалыныпты.
Мақала авторының айтуынша, егер де мемлекетте билік ауысса Қазақстандағы журналистер “Қазақгейт” оқиғасына қатысты да көпшілік біле бермейтін талай шикіліктердің бетін ашуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ Гүлжан Ерғалиева мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын жасаған жолдауын алдағы өтетін президенттік сайлауға дайындығы ретінде бағалапты.
Сонымен қатар “Свобода слова” газетіндегі “Еуразия” интернет-парақшасынан көшіріліп басылған мақалада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құпия жағдайда “Қазақгейт” оқиғасына байланысты өзінің адвокаты Вайнгартенмен және Джеймс Гиффеннің адвокаты Коэнмен кездесу үшін Стамбулға ұшып барғандығы туралы дерек келтіріліпті.
Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Стамбулға Қазақстанда өзінің бизнесін жасап жүрген Джеймс Гиффеннің ұлы Дэвид те ұшып барған.
“Сөз” басылымы болса Батыс басылымдарының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарайына арнап арақ-шарап құятын 3 мың стақанның жасалатындығы туралы деректі жариялағандығын хабарлапты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Қазақстан президентінің сарайы үшін Франияда таза хрустальдан арақ-шарап құюға арналған стақандарды жасауға 300000 мың евроның көлемінде қаражат кетеді.
Мақала авторының айтуынша, бұл Қазақстандағы 10000 мың теңге көлеміндегі 5280 адамның зейнетақасы, Алматы мен Астанадан алуға болатын он шақты, ал облыс орталығынан алуға болатын 20 шақты пәтердің құны. Газет тілшісінің хабарауынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлаудағы жеңісін тойлаудың қамына қазіргі уақыттан кірісе бастаған.
Ресейлік саясаттанушы Александр Дугин “Литер” басылымына берген сұхбатында Қазақстан Президентінің жолдауына байланысты өз ойын ортаға салыпты. Александр Дугиннің пікірінше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің дәстүрлі жолдауында Қазақстанды одан әрі демократияландыруға қатты көңіл бөліп отыр.
“Азат” тәуелсіз газетінде жарық көрген Серікболсын Әбділдин мен Төлен Тоқтасыновтың мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың берген уәдесін орындамай келе жатқандығы айтылыпты. Серікбосын Әбділдин мен Төлен Тоқтасынов Мемлекет басшысының өз ыңғайына лайықтап қайта-қайта Консититуцияны өзгерте беруін қазақ халқын қорлау деп есептейді екен.
“Егер де президенттің айналысындағылар оны тағы да күмәнді тәуекелге итермелейтін болса, президент не өткен жылдары өзінің заңды түрде сайланбағанын айтып “бет-жүзін” өзгертуді немесе Конституцияны ауыстырып Қазақстан Республикасында монархия жариялауы, сөйтіп Нұрсұлтан Назарбаевты елге өмірлік хан етіп тағайындауы керек болады” дейді Серікболсын Әбділин мен Төлен Тоқтасынов “Азат” тәуелсіз басылымы арқылы.