БІШКЕК: Қырғызстаннан дәл осы сағатта алынған ақпарға қарағанда, таяуда болып өткен парламент сайлауының нәтижесін жойып, жаңа сайлау өткізуді және президент А.Ақаевтың биліктен кетуін талап еткен оппозициялық күштер елдің оңтүстігіндегі Бішкектен кейінгі екінші ірі қала - Ошты және Жалалабад қаласын, ал солтүстігінде Талас пен Кошқар қалаларын және тағы бірнеше елді-мекенді өз бақылауына алды. Бүгін Бішкекте ұйымдастырған баспасөз-маслихатында оппозиция жетекшілерінің бірі Құрманбек Бәкиев: “Президент А.Ақаеватың өзі тікелей қатысатын келіссөзге отыруға оппозиция дайын”, -деп мәлімдеді. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Құрманбек Бәкиевтің атап көрсеткеніндей, егер таяу күндері президент оппозициямен тікелей келіссөзге отырмаса, елдің тізгінін қолынан шығарып алады.
Қ.Бәкиев (Қырғызстан): “Президент А.Ақаев оппозициямен тікелей келіссөзге отырмаса, ресми билік елдегі ахуалды бақылауынан шығарады”.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады