БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ливанның бұрынғы бас министрі Рафик Харириді өлтіру жайында дайындалған БҰҰ баяндамасы алдағы бірнеше күнде жарияланбақ деп мәлімдеді. Алжирде өтіп жатқан Араб Лигасы жиналысында сөйлеген Кофи Аннан бұдан әлде қайда кең тергеу қажет болуы мүмкін деді. Рафик Харири 14 ақпанда Ливан астанасында өлтірілген болатын. Ливан оппозиция қайраткерлері бұған Сирияны және сирияшыл Ливан әкімшілігін айыптап, тәуелсіз тергеу жүргізілсін деген болатын. Сирия және Ливан ресми өкілдері Хариридің қазасына қатысымыз жоқ деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады