“Республика” басылымында жарық көрген Сергей Дувановтың “Президент нені айтпай қалды” атты талдау мақаласында екі оқиға өткен айдың ең үлкен жаңалығы ретінде аталып өтіпті. Оның біріншісі Орталық Барлау басқармасының Орталық Азиядағы басшысының Нью-Иорктің оңтүстік федеральдық аймағындағы “Қазақгейт” ісі бойынша өткен жабық отырысында шын мәнісінде де айыпталушы Джеймс Гиффеннің Орталық Барлау Басқармасының агенті болып, Қазақстанның жоғары басшылығынан, яғни Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінен мәлімет алып тұрғандығы туралы түсініктеме беруі. Екіншісі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын арнауы. Мақала авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің дәстүрлі жолдауында елдегі жетістіктерді айтқандығына тоқтала келіп, шын мәнісінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары халықтың байлығының талан-таражға түскендігін тілге тиек етіпті.
“Свобода слова” басылымында жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның “Америка Құрама Штаты Нұрсұлтан Назарбаевтың режимін ұзартып жатыр” атты мақалада “Қазақгейт” ісіне байланысты жауапқа тартылып жатқан Джеймс Гиффеннің Қазақстан мен Америка Құрама Штаты президенті әкімшілігі арасында делдалдық қызмет атқарғандығы баяндалыпты. Алайда мақала авторының айтуынша, дәл бүгінгі уақытта Америка Құрама Штатының сыртқы саясатында екі түрлі стандарттың бар екендігі байқалады. Осы сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы соңғы жылдары Америка Құрама Штатындағы ресми биліктің “Қазақгейт” тақырыбын айналып өтуге тырысатындығын мысалға келтіріпті. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, американдықтардың арасында егер де сот Джеймс Гиффеннің қазақстандық коррупцияға қатысы бар екендігін дәлелдесе, коррупциялық билікпен қарыс-қатынасқа барғаны үшін Джордж Буштың өзін де жауапқа тартуы мүмкін деген пікір де айтылып жүрген көрінеді. Мақала авторының айтуынша, міне сол себептен де Ақ Үйдің ресми әкімшілігі Назарбаев пен Буштың ресми кездесуіне жол бермеуге бар күшін салып келеді.
Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Деловая неделя” апталығында “Америка «Қазақгейт” туралы ұмытып кетті” деген мақала жарық көріпті. Мақала авторының болжамына сүйенсек, келешекте Америка Құрама Штатының үкіметі “Қазақгейт” ісін жылы жауып тастауға тырысады. Сараптама мақалада Қазақстан үкіметінің Вашингтонға терроризм мәселесінде көмек көрсетіп Иракқа әскер жіберуі Ақ Үй үшін Нью-Йорктағы түрлі соттардан гөрі маңызды мәселе болып тұрғандығы айтылыпты.
Канадалық “ПетроҚазақстан” компаниясы да апта соңында жарық көрген кейбір басылымдардың сынына ұшырапты. “Жас қазақ” газетінде жарық көрген “Қара маржанның қарауылдары” атты мақалада жанар-жағар май нарығын жаулап алған “ПетроҚазақстан” компаниясының соттасып, мемлекеттің заңдарына бағынбай, заңның мән-мағынасын теріс айналдырып, өз ыңғайына бұра бастағандығы айтылыпты. Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек, 2004 жылы “ПетроҚазақстан” қожайындарының қалтасына 0,5 миллиардтан астам таза табыс түскенімен, “ПетроҚазақстанның” жұмысында көптеген кемшіліктер мен заңсыз әрекеттер байқала бастаған.
“Айқын” газетінде жарық көрген “ПетроҚазақстан заңды да аттады, табиғатты да таптады” атты мақалада осыдан біршама уақыт бұрын Қызылорда облыс аумағындағы “Құмкөл” даласынан мұнай өндіруші канадалық “ПетроҚазақстан” компаниясының офисі алдында 500 адамды қамтыған митинг өткізіліп, оған қатысушылардың шетелдіктерден Қазақстан Республикасының заңдылық нормаларын сақтауды талап еткендігі айтылыпты.
Қырғызстанда орын алған төңкеріске баға беру де сенбі күні жарық көрген ең үлкен назар аударған тақырыптарының біріне айналыпты.
“Айқын”, “Экспресс К” және “Литер” басылымдарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы орын алған оқиғаға орай айтқан сөздері беріліпті. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде болған ахуалға байланысты дұрыс қорытынды жасаудың қажеттілігін атап өтіпті. Оның айтуынша, қырғыс билігінің әлсіздігі жалпы бұқаралық наразылықтың алдын алуға шамасы жетпей, олардың ойына келгенін істеуіне мүмкіндік берген.
Ал, “Жас Алаш” басылымына берген сұхбатында “Әділетті Қазақстан” қозғалысының төрағасы Жармахан Тұяқбай Қырғыз бен Қазақстан билігінің әлсіз екендігінде ұқсастықтың бар екендігін атап өтіпті. Саясаттанушы Ерлан Қарин болса Қырғызстандағы оқиғадан кейін Қазақстан билігінің де ештеңенің мәңгілік емес екендігін түсінуі қажеттелігіне тоқталыпты. “Саясатта белгілі бір шешімді өз сәтінде қабылдау керек. Грузияда, Украинада, Қырғызстанда билік тиісті шешімді дер уақытында қабылдай алмады” дейді саясаттанушы Ерлан Қарин.