БАҒДАД: Кеше Ирақта Бағдадтың іргесінде жанпидашыл-лаңкес бомба орнатылған автокөлігін жарып, одан 7 кісі құрбан болып, 9-ы жараланды. Бұл қастандық шийт-мұсылмандарының тобы Кербала қаласындағы мешітке келе жатқан сәтте іске асырылды. Шийттердің киелі қаласы – Кербалаға діни мереке кезінде жыл сайын 100 мыңдаған халық жиналады. Кербалаға баратын жол бойында болған тағы бір жарылыстан 2 полиция қызметкері қаза тауып, бірнеше адам жараланды.