Еуропа Одағының ресми өкілдері бүгін Брюсселде АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Пол Вульфовицпен кездесіп, халықаралық даму және көмек мәселелері бойынша оны сұрақ астына алады. Пол Вульфовиц – АҚШ тарапынан Дүниежүзілік банк президенттігіне ұсынылып отыр. Еуропалық кейбір басшылар АҚШ бастаған Ирақ соғысына басшылық жасаған Вульфовиц кедейшілікке қарсы қызмет жүргізетін Дүниежүзілік банкке қалай жетекшілік жасай алады деп алаңдайды.