Шахтерлер кәсіподағының жетекшісі Вячеслав Сидоровтың айтуынша кеншілер қазақстандық стандарт бойынша 70 мың теңге көлемінде жалақы алуға тиіс. Ал, компания басшылары бар болғаны 20 мың теңге төлеп отыр дейді Сидоров. Ол кеншілердің жалақыны көтеру талаптары аяқсыз қалса, британ кәсіподақтары конгресі қарағандылық шахтерлерді «Миттал Стилдің» Лондондағы бас кеңсесі алдында пикет ұйымдастыруға шақырғанын және оған Еуропаның бірнеше елінен кеншілер қозғалысының өкілдері қатысуға дайын екенін мәлімдеп отыр.
Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясы төрағасының орынбасары Ризахмет Молдажановтың айтуынша «Миттал Стил Теміртау» компаниясындағы шиеленіс екі жағдайдан туындап отыр. Оның бірі жалақы болса, екіншісі - басшылықтың жұмысшыларды көптеп қысқартуы.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бас еңбек инспекторы Серік Бисақаев болса, кәсіподақтар көтеріп отырғандағыдай, «Миттал Стилдің» қарамағындағы барлық кәсіпорындарда жалақы бірдей болуы мүмкін емес деген пікірде. Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев:
- Миттал Стилдің Канада, Мексика, Германия, Нидерланды, Ирландия, Индонезияда орналасқан кәсіпорындарының арасында 50 мың жұмысшысы бар ірі кәсіпорыны - Қазақстанда. Сондықтан, жалақы өнімнің өзіндік құнының 18 пайызы көлемінде емес, одан жоғары болуы тиіс.
Ал шахтерлердің кәсіподақ жетекшісі Вячеслав Сидоров болса, «Миттал Стилдің» басшылығы қазақстандық жұмысшыларға орташа есеппен 70 мың теңге көлемінде жалақы беруге тиістігін айтады:
- Өйткені, кәсіпорын әр тонна көмірді 14 доллардан сатып алса, оның тоннасын Ресейге 100 доллардан, Жапония мен Қытайға 400 долларға сатады.
Қазақстанның металлургия кәсіпорындары кәсіподағының төрағасы Қайдауыл Шүменов осы саладағы ірі инвесторлардың жұмысшыларға 39-45 мың теңге көлемінде жалақы төлеп отырғанын, бірақ оның өзі әлі де төмен екенін айтады.
Қарағанды облысы әкімдігінің өнеркәсіп департаментінің директоры Салтанат Рахымбекова өндірістегі экологиялық ахуалды шешуге Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова, еңбек қауіпсіздігін шешуге Төтенше жағдайлар министрі Мұхамбет Көпей араласқандығын айтады.
Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқышев мамырдың басына дейін Миттал Стил компаниясы ұжымдық келісім-шартқа отырмайтын болса, өздерінің сотқа жүгінетіндерін алға тартады. Ал, шахтерлер кәсіподағының жетекшісі Вячеслав Сидоров болса, Ұлыбританияның «Тред Юнион» кәсіподақтарының конгресі Миттал Стилдің қарамағындағы Польша, Румыния, Чехия кәсіпорындарының кеншілерін қарағандылық шахтерлердің ауыр жағдайын қолдауға шақырып, Лондондағы Лакшми Миттал холдингінің штаб-пәтері алдында пикет ұйымдастыруға келісім беріп отырғандығын хабарлапты.
Вячеслав Сидоровтың айтуынша, Англияның лейбористік партиясынан британ Парламентіне депутат болып сайланған Еңбек комитетінің төрағасы Джон Манн мен Ян Стюарт қарағандылық шахтерлердің жайын қолдауға көршілес Польша, Румыния, Чехияның депутаттарын да шақырып отырған көрінеді.