Accessibility links

Испаниядағы шабуылдарға қатысы бар деген адамдар ұсталды


Испания полициясы ислам экстремистер ұйымдарының адамдары деген күдікпен 12 азаматты қамауға алды. Олар өткен жылы Мадрид қаласында пойыздағы бомба жарылысын ұйымдастырды деген күдік айтылды. Былтыр Испанияда наурыз айында болған шабуылдарда 191 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған болатын. Қамауға алынғандар – Марокко, Сирия, Египет, Палестина және Алжир елдерінің азаматтары.
XS
SM
MD
LG