Accessibility links

Қытай әкімшілігі Бейжіңдегі Жапон елшілігі алдында болған бейбастақтық үшін қынжылыс білдірді


Қытай үкіметі сенбі күні Бейжіңдегі Жапон елшілігі алдында қытай шерушілерінің жасаған бейбастақ іс-әрекетіне байланысты қынжылыс білдірді. Кеше аталған елшілік жанына келген наразы топ ғимараттың терезелерін қиратқан болатын.

Шерушілер екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Жапонияның жасаған қатыгез-зұлымдық істерін айыптады. Жапонияда көрген бір оқулықта жазылғанындай, ол соғыс кезіндегі қатыгездіктерін Жапония жартылай мойындайды екен. Қытайдың Синхуа жаңалықтар агенттігінің хабарына қарағанда, Бейжіңде өткен сенбі күнгі наразылық шеруіне 10 мыңдай қытайлық шығыпты.
XS
SM
MD
LG