БАҒДАД: Кеше Бағдадтың халықаралық әуе жайына баратын жолында бомба орнатылған автокөлік жарылып, 3 кісі, оның ішінде қайырымдылық ұйымында жұмыс істейтін америкалық әйел қаза болды. Рамади қаласында АҚШ-тың әскери базасы атқыланып, тағы 3 жауынгер оққа ұшып, жетеуі жараланды. Бағдадта Ирақтың бұрынғы вице-президенті Иззат Әд-Дуридің терроризммен шұғылданды деп айыпталған інісі қолға түсті. Әд-Дуридің бас сауғалаған жері туралы ақпарға 10 млн. доллар сыйақы тағайындалып отыр. Ирақтағы барлық бүлікті нақ Әд-Дури басқарып, қаржыландырып отыр деп есептеледі.
Ирақта бұрынғы вице-президенті И.Әд-Дуридің інісі қолға түсті, өзінің басына 10 млн. доллар сыйақы тігіліп отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады