Бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде Азаттық радиосы да бірден хабарлағанындай, бұл жаңалыққа католик діні сеніміндегілердің қуанышында шек болмағандай. Бірақ, кейбір хабарларға қарағанда, Рим католик шіркеуінің жаңа папасы – Бенедикт XVI-ның понтифик болып сайлануына көңілі толмайтындар да бар екен.
Жалпы, наурыздың соңынан бері Римдегі Ватикан еліне бүкіл әлем назары аударылды десе болады. Иоанн Павел ІІ жүрек дертімен төсек тартып, артынан қайтыс болған соң, 9 күндік аза жарияланды. Кейін Рим папасының жерленуі үлкен салт-салтанатты діни рәсіммен өтті. Одан кейінгі кезектегі аса маңызды шаруа - католик шіркеуінің жаңа басшысын сайлау еді.
Бүкіл әлемнен келген 117 кардинал өте құпия түрде дауыс беруге қатысты. Ол сайлау өзара тартысты жағдайда өтсе, біршама уақытқа, тіпті 18 күнге дейін созылуы да мүмкін еді. Бірақ, бұл сайлау бір тәуліктей ғана уақытқа жалғасып, дауыс берудің екінші күні 115 кардиналдың таңдауы германиялық кардинал Йозеф Ратцингерге тоқтаған. Бұл жаңалыққа Ватиканға жиналған 100 мыңдаған, ал бүкіл Римді қосқанда 2-3 млн адам өз қуаныштарын жасыра алмады.
Шіркеу мұржасынан ақ түтін шыққан сәтте Әулие Петр соборындағы қоңырау соғылып, жұрттың қуанышына қосымша үн қосты. Ондай қоңырау сазы қазіргі Рим папасы Бенедикт XVI-ның туған жері - оңтүстік Германиядағы Мартл қаласында да жаңғырды.
Ару қыздар Ватикан елінің жалауын желбіретсе, жігіттер ұлттық киімдермен қала бойлап шерулетті. Мартл қаласының әкімі бұл оқиға үшін қаламыз мақтанса болады деді.
- Біз енді Рим папасы Бенедикт XVI-ның туған жерінде тұрмыз. Бұл біз үшін мақтанарлық жағдай, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, жаңадан сайланған папаға құттықтау сөздерін әлем елдері мен халықаралық беделді ұйым басшылары да аямады.
- Менің түсінігімде, Римның жаңа папасы Бенедикт XVI - үлкен өмірлік тәжірибеге ие жан. Ол соңғы понтификпен қоян-қолтық жұмыс істеді. Сондықтан, ол ұстазының рухани байлықтарын әлемге жая беретін болар, - деді БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан.
Алайда, жаңа Рим папасына деген барлық жұрттың көзқарасы бірдей емес секілді. Оған негізгі себеп, Бенедикт XVI өз ұстазы Иоанн Павел ІІ-нің консервативтік көзқарасына аса берілген мұрагері екен. Дегенмен, оның осы қасиетін қастерлейтіндер де аз емес көрінеді. Мысалы, американдық католик Нед Фармер:
- Мен Бенедикт XVI-ны сол мінезі, ұстанымы үшін құрметтеймін. Ол өзінің консерваторлығымен ерекше, - дейді.
Бірақ, Ратцингердің папа болып сайлануына қарсы пікірдегілер де бар. Мәселен, Чили азаматы Целис бұл жолы сайланған кезекті Папаның Латын Америкасынан болғанын қалапты.
- Ол бұл орынға лайықты емес еді. Мен жаңа папа латынамерикандық болар деп үміттенген едім, - дейді Целис тілші сұрағына берген жауабында.
Кезінде Иоанн Павел ІІ отбасылық ажырасуға, жасанды түсік жасауға, контрацепцияны пайдалануға, гомосексуализмге, сондай-ақ, әйелдердің священник болуына қарсы болған еді. Ал кейбір жұрт ондай консерватизмнен құтылғысы келетінін де білдіріп жатыр. Бұл орайда бразилиялық келіншек Клари Сантос жаңа папаны таңдауға қатысты өз наразылығын жасырмайды.
- Ол да консерватор. Шіркеуде бірер өзгеріс болғаны жақсы еді. Бірақ, қайтерсің, таңдау осылай болды, - дейді Клари.
Жаңа понтифик өзге діндерге тиісер деген күмән да жоқ емес. Ол кезінде мұсылман дінді Түркияны Еуропа одағына қабылдау үлкен қателік болады деген екен. Дегенмен, Азия мен Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінің басшылары, Англия шіркеуінің жетекшісі Уиллиямс, Ресей ортодоксалды шіркеуінің басшысы Алексий ІІ жаңа папаны өзара ынтымақтастық іс-әрекетке шақырып отыр. Ал католиктердің жаңа басшысы өзінің алғашқы сөзінде, өзге діндермен келісе қызмет істемекпін деген тілек айтты.