ИСЛАМАБАД. Пәкістан президенті Первез Мушарраф МАГАТЭ сарапшыларына өз елінің ядролық нысандарын тексеруге рұқсат бермейді. Оның мәлімдеуінше, тексеруге келісім беру Пәкістанға сенуге болмайды дегенді мойындаумен пара-пар. Пәкістан президенті, сонымен қатар, атом қаруының “атасы” болып саналатын Пәкістанның маңдайалды ядролық маманы Абдул Қадыр Ханнан жауап алуға да рұқсат бермейтінін мәлімдеді. Жуырда ресми Исламабад Қадыр Ханның құпия түрде ядролық технологияны Иранға бергенін мойындаған болатын.