АҚТӨБЕ. Қазақстанның батысындағы Ақтөбе облысында су тасқыны болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, тасқын салдарынан 10 тұрғын үй мен өзгедей 50-ге жуық құрылыс нысаны қирап, 31 үй су астында қалған, тағы 6 тұрғын үй қирауға жақын тұр, 47 отбасы қауіпсіз жерге көшірілген. Бастапқы есеп бойынша, бұл су тасқынынан 35 млн. теңге шығын келген.