МӘСКЕУ. Бүгін Кремльде Ресей президенті В.Путин АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен кездесті. Өзара келіссөз барысында В.Путин Ресей мен АҚШ арасындағы қатынастың дамуына К.Райстың жеке басының қосқан үлесін жоғары бағалады. Өз кезегінде “Эхо Москвы” радиосына берген сұхбатында мемлекеттік хатшы Мәскеудің Вашингтонмен арадағы диалогында Ресейді демократияландырудың шешуші рөл атқаратынын атап көрсетті. К.Райс Мәскеуге АҚШ президенті Дж.Буштың фашистік Германиямен соғыстағы жеңістің 60 жылдығы мерейтойына келуіне дайындық мәселесімен келіп отыр.