14 жасар Нұрлыбектің ата-анасы осыдан 7 жыл бұрын қайтыс болып, ол 3 ағасымен бірге әжесінің қолында қалған. Ақтөбе облысында тұрған олар күнкөрістің қамымен 1999 жылы Астанаға көшіп келеді. Нұрлыбектің айтуынша, ағалары ұрлықпен айналысқаннан кейін әжесі үйден қуып шыққан екен. Ол қазір Астанадағы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтау орталығында тұрып жатыр.
- Екі ағам өздері бөлек тұрып жатыр, бір ағам екеуіміз осында тұрамыз. Әжем ағаларым мен арқылы ұрлық жасайды деп бәрімізді үйден қуып шықты. Ол кісімен хабарласамыз, бірақ ол бізді алмаймын деді, - деді Нұрлыбек.
Ал Жамбыл облысынан келген Айдардың анасы мен ағасынан көз жазып қалғанына 3 жыл болыпты. Содан бері арба сүйреп күнін көрген. Өзінің айтуынша, анасы мен ағасы Ақмола облысына қарасты Степногор қаласына кеткен екен.
- Анам мен ағам Степногор қаласына кетерде маған мекен-жайды тастап кеткен. Мен оны жоғалтып алдым. Содан осында арба сүйреп, ақша таптым.
Астанадағы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтау орталығында 50-ге жуық бала тіркелген. Аталған мекемеде аға кеңесші қызметін атқаратын Марат Мұртазиннің айтуынша, орталыққа ата-ана құқығынан айрылғандардың балалары көп түседі.
- Сонымен қоса, басқа қалалардан, басқа мемлекеттерден келетіндер бар. Сауда жасамақ болып көршілес Өзбекстан, Қырғызстаннан келеді. Және үйлерінен қашып кететіндер де көп.
Марат Мұртазиннің айтуынша, орталыққа әкелінетін балалардың көпшілігі ата-анасынан, туған-туысқандарынан теперіш көретіндер. Олар қайтып үйлеріне барғылары келмейді.
- Орталықта 4 бала жатыр, олар кеткілері келмейді. Өйткені, үйлерінде мұндай жағдай жоқ, нашар тұрады. Сондықтан, біз ондайларды балалар үйлеріне жіберіп жатамыз.
Бүгінде көше кезіп кеткен, бұзақылыққа салынған, үйінен қашып кеткен балаларды анықтау мақсатында республика бойынша «Жасөспірім» атты рейд өтуде. Қызылорда облысы бойынша қоғамдық.қауіпсіздік басқармасының маманы Гүлжаһан Қайырбергенованың айтуынша, аталған рейд барысында 26 бала ұсталған.
- Оның ішінде жиырма бесі әкімшілік құқық бұзушылар қатарында. Спирттік ішімдік ішкен 14 бала анықталып, мектеп жасындағы екі бала оқу орындарына қайтарылды.
Гүлжаһан Қайырбергенова мұндай жұмыстардың жасөспірімдер арасында қылмыстың азаюына, тәртіптің күшеюіне септігі мол деп санайды. Алайда, әзірге қаңғыбас, кезбе жасөспірімдер мәселесі қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі болып қалып отыр.