РАМАЛЛА: Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоган бүгін Рамаллада Газа аймағындағы даулы әрі исламның ең киелі орындарының бірі - Әл-Ақса мешітіне аяқ басты. Осы кезде “Шіркеу тауында” орналасқан мешітті Израильдің қауіпсіздік күштері күзетіп тұрды. Бүгін Реджеп Эрдоган Палестина лидері Махмуд Аббаспен келіссөз жүргізеді. Оның алдында Р.Эрдоганмен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Израильдің сыртқы істер министрі Сильван Шалом түрік премьерінің сапарына жоғары баға берді. Оның айтуынша, Таяу Шығыс аймағы үшін Түркия “өте маңызды ел”; Анкара Израильмен де, Палестинамен де “жылы қатынаста”, сол себепті де түрік премьерінің сапары аса маңызды”.