Accessibility links

Кеше Ауғанстанның солтүстігінде қару-жарақ қоймасында болған жарылыс құрбандарын жерлеу рәсімі басталды


Кабулдан 180 шақырымдай жердегі Баглан аймағында тиым салынғанына қарамастан жасырын қару, оқ-дәрі ұстаған милиция бастығының үйінде орын алған жарылыс кезінде 29 адам опат болып, 70-тей адам жарақат алған болатын.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың баспасөз өкілі Жауед Лудин қаза тапқандардың туған-туыстарына президенттің көңіл айтуын жеткізді. Жарылыс кезінде басқа жерде болғандықтан, жергілікті милиция басшысының өзі есен-сау.
XS
SM
MD
LG