Accessibility links

Мәскеуде жеңіске арналған шеруді 50-ден астам мемлекет басшылары тамашалады


МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеудің Қызыл алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына арналған үлкен әскери шеру өтті. Жеңіске арналған шеруді 50-ден астам мемлекет басшылары мен соғыс ардагерлері тамашалады. Мерейтойға Ресей мен АҚШ және ТМД елдерінің президенттері, Еуроодақ пен Қытай және Жапония лидерлері қатысты. Ал, Грузия президенті Михаил Саакашвили Ресейдің Грузиядағы екі әскери базаны босатуына байланысты ортақ мәмілеге қол жетпегендіктен Мәскеуге келмеген.
XS
SM
MD
LG