ВАШИНГТОН. АҚШ егер Теһран уранды байыту өндірісін қайта қолға алатын болса, Иран үшін оның “қиын салдары” болуы мүмкін деп ескертті. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі АҚШ пен Еуроодақ Теһран үшін қандай “салдардың” болатыны жөнінде әлі нақты пікірге келген жоқ деп мәлімдеді. Әйтсе де, Вашингтон мен Брюссель егер Иран уранды байыту өндірісін тоқтату туралы Еуроодақ алдындағы міндеттемесінен бас тартқан күнде, оның ядролық бағдарламасы мәселесі БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілетінін ескерткен болатын. Кеше Теһран алдағы бірнеше күннің ішінде уранды байыту өндірісін қайта жалғастыратынын мәлімдеді.