Accessibility links

Ирақта кеше кемінде 72 адам қаза тапты


Ирақта кеше бірқатар бомба шабуылы жасалып, кемінде 72 адам қаза тапты, 200 шақты адам жараланды. Мәселен, Тикрит қаласының базарында көліктегі бомба жарылып, кемінде 31 адам мерт болып, 66 адам жараланды. Бұл базарда әдетте шиит мұсылмандары жұмыс іздеп отырады. Жауапкершілікті "Ансар Әл-Сұнна әскері" деген топ мойнына алды. Хауджиа қаласында әскерге шақыру бекетінде жанкештілік шабуылдан кемінде 38 адам өлді, 84 адам жараланды. Бағдадта екі жерде жарылыс болып, кемінде үш адам өлді, он адам жараланды. Ирақ батысында "Матадор" операциясы жалғасып жатыр, бір мыңға жуық американдық сарбаз көтерілісшілердің аса қатты қарсыласуына тап болды.
XS
SM
MD
LG