Франция коммерциялық ұшағына Америка Құрама Штаттарына келе жатқан жеріне қонуға рұқсат етілмеді. "Эйр Франс" компаниясының ұшағы Парижден Бостонға келе жатқан. Алайда, бір жолаушы террорист деп күдіктелетіндердің тізімінде болғандықтан ұшақ жолы бөгеліп, Майн штатының Бангор әуежайына қондырылды. Күдікті жолаушы жауап алынған соң босатылды, оған ешқандай айып тағылған жоқ. Көкек айында осыған ұқсас жағдайда АҚШ әуе кеңістігіне Голландияның "КЛМ" компаниясының ұшағы кіргізілмеген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады