Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің бастығы Николай Патрушев АҚШ, Британия, Кувейт және Сауд Арабиясының шпиондық қызметтерін әшкереледік деп мәлімдеді. Кеше парламентте сөйлеген Николай Патрушев жансыздық бейүкіметтік ұйымдардың қызметі түрінде жүргізіледі, шетел мемлекеттері осылайша Ресейдің саяси және экономикалық тірлігіне ықпал жасап отыр, бұрынғы совет елдерінде билік төңкерістерін қолдап отыр деді. Мысал ретінде "Бейбітшілік корпусы", британдық "Мэрлин", "Саудиялық Жарты Ай", кувейттік "Әлеуметтік реформалар қоғамы" деген ұйымдар аталды. "Бейбітшілік корпусы" ұйымының Вашингтондағы өкілі Барбара Дейли айыптарды жоққа шығарды. "Мэрлин" ұйымы да айыптармен келіспеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады