Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабай соңғы жылдары Қазақстанда шетелдегі қазақ жазушыларының шығармаларына ден қойыла бастағанын айтады. Биылғы жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қытайдағы қазақ фольклорының 15 томын жарыққа шығаруды әдебиет және өнер институты қолға алып отырған көрінеді.
Жазушы Шерхан Мұртаза Еуропада қазақ әдебиетінің мүлдем ізі де жоқтығын, ал оның орнын толтыратын Қытай мен Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің мұраларын елге тезірек жеткізуге үкіметтік қолдау қажет екенін айтады. Шығыстанушы Дүкен Мәсімхан қазақ әдебиетін алып бір бәйтерекке, ал Қытайдағы қазақ әдебиетін оның бір үлкен бұтағына теңейді. Қытайда қазақтың 100 томдық хисса-дастандары, 50 том қазақ ертегілері, 10 томдық ғашықтық жырлары жарық көрген екен.
Астана төрінде орналасқан «Абай» кітап сауда дүкенінің сатушылары бұл сауда орны «Атамұра» баспасының жеке кітап дүкені болғандықтан онда басқа баспаның өнімдері түспейтіндігін, ал оқырмандар Астанада шетел қазақтарының шығармаларын табудың қиындығын айтты. Астаналық жастардан шетелдегі қазақ жазушылары мен ақындары және олардың шығармалары туралы не білетіндерін сұраған едік.
Олардың көпшілігі мектеп оқулығына енген Әсет Найманбаевты ғана біледі екен. Шығыстанушы Дүкен Мәсімханұлы Қытайда қазақ көркем әдебиетінің негізін салушылар Ақытқазы Ілімжон, Таңжарық Жолдыұлы, Әсет Найманбаев, Көдек Маралбайұлы, Шарғын Әлғазыұлының шығармалары кезінде екі-үш томнан жарық көргендігін айтады.
- Ал, осы күнгі қиындық осы заманғы көркем әдебиеттің талаптары мен шарттарына жауап бере алатын деңгейдегі қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларын Қазақстанда жарыққа шығару жүзеге аспай отыр, - дейді шығыстанушы.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабай тек Қытайдағы ғана емес, жалпы шетелдегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын Қазақстанда жарыққа шығаруға қаржы тапшылығы қолбайлау болып отырғандығын айтады. Қаржы көздері табылса «Атамекен» айдарын жаңғыртуға, «Алтын бесік» журналында шетелдегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын тұрақты жариялауға болады дейді С.Балғабай мырза.