ЖЕНЕВА. Ресей бұрынғы атом энергетика министрі Евгений Адамовты өзіне беру туралы сұрау жолдады деп хабарлайды Швейцарияның әділет министрлігі. Сұрауды Евгений Адамовтың атом энергетика министрі лауазымында отырған кезіндегі іс-әрекетін Ресей прокуратурасының тергеп жатқаны айтылады. Ресейдің экс-министрін өзіне беруді оны Ресейдің атом электр стансаларының қауіпсіздігіне өзі бөлген 9 млн. долларды жымқырды деп айыптаған АҚШ та талап етіп отыр. Е.Адамов – АҚШ-тың сұрауы бойынша Швейцарияда қамауда отыр.